Көп жылдан бері Қазақстан туристік ассоциациясы (ҚТА) оқу орындарымен жұмыс істеу шеңберінде туризм саласына қатысты іс-шаралар өткізуде

Солардың ішінде тек мұғалімдер үшін емес, студенттерге де бағытталған шаралар бар. Мысалы, онлайн немесе оффлайн түрінде өтетін кездесулер.

17 мамыр күні ҚТА-ның ұйымдастыруымен «Туризм» мамандығында оқитын студенттер үшін «Туризмнің белсенді түрлері» тақырыбында вебинар өтті. Қонақ ретінде Sxodim.travel турфирмасында істейтін тәжірибелі гид-проводник Ерқанат Айдархан қатысты. Кездесу барысында Ерқанат студенттермен тәжірибесімен бөлісіп, оларға жүріп өткен көптеген маршруттары туралы, тауларға саяхаттау ерекшеліктері, сол жақта күтпеген немесе қауіпті жағдайлардың болу мүмкіндіктері мен оларды шешу жолдары туралы айтып, көптеген сұрақтарына жауап берді.